Дәстүрлі қазақ әндерінің бірі - «Балқадиша» Ақан сері Қорамсаұлының мұрасы, ең алғаш рет әйгілі қазақ теноры Әміре Қашаубаев орындауында Парижде шырқалған.
Араға тура бір ғасыр салып, 2025 жылы бұл ән тағы да шырқалды. Иса Бекболаттың әсерлі орындауы, ұлттық нақыш пен заманауи сахна мәдениетін ұштастырған кәсіби шеберлігі тыңдарманның жүрегіне жол тауып, «Балқадишаны» ХХІ ғасырда жаңа тыныспен қайта тірілткендей әсер қалдырды.