Оркестр тарихы

logohistory

 

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі -  1957 жылы Атырау қаласындағы мұнайшылар мәдениет үйінде кәсіби дирижер Сейілхан Құсайновтың жетекшелегімен қоғамдық негізде құрылды.  Сол жылы Қазақстан Компартиясы Гурьев облыстық комитетінің бюросы мен еңбекшілер депутаттары облыстық кеңесі атқару комитеті аталған оркестрге Қазақ КСРО өнерінің еңбек сіңірге қайраткері,  күйші Дина Нұрпейісованың есімін беру жөнінде қаулы қабылдады. 
Өңіріміздің ғана емес күллі Алаш жұртының мақтанышына айналған ұжымға, қоғам және мемлекет қайраткері Нұртас Оңдасыновтың тапсырмасымен, академик Ахмет Жұбановтай өнер майталмалының қолдауымен, Сейілхан Құсайынов, Раушан Нұрпейісованың ерен еңбегінің арқасында ұжым көпшілікке танымал болды.
Гурьев облыстық халық депутаттары Кеңесінің 1990 жылы 26 маусымындағы № 175 шешімімен оркестр кәсіби ұжым ретінде заңдастырылды. Осылайша отау тіккен оркестрді “Күй қағаны” Рысбай Ғабдиев қайта жасақтап, руханият деңгейіне көтеріп, кәсіби ұжымға айналдырды. 2000 жылы ұжымға «Академиялық»  құрметті атағы берілді. 
Бұл күнде Академиялық оркестр қазақтың атақты күйші-композиторларының шығармаларын, әлем классиктерінің туындыларын жоғары деңгейде ұлт аспаптары арқылы төрткүл дүниеге танытып жүрген өнер ордасына айналды. Қазақ мұрасын шет мемлекеттерде де дәріптеп, ән мен күйді асқақтатқан оркестрдің жеке орындаушыларының, классикалық әншілерінің еңбегі барша жұртшылыққа үлгі. Оркестр өнер сапарымен Түркия, Германия, Австрия, Франция, Будапешт төрінде дәстүрлі өнерді дәріптеді. Тәуелсіздік жылдарында кәсіби ұжым аталғалы өркестрде Қ.Ізекенов, Т.Сәкенов, А.Наурызғалиев, М.Ғұмыров, М.Ғабдиев, Қ.Дүйсенбай сынды ағалар басшылық қызметте болды. 
Құрылғанына биыл 35 жыл толатын оркестрдің репертуарында 800 – деген аса шығармалар жинағы бар, солардың ішінде негізгі орынды қазақтың ән-күйлері алады.

Біздің концерттер

Яндекс.Метрика