Ансамбль тарихы

IMG 3242

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жанынан құрылған «SARMAD» этно-фольклорлық ансамбліне штаттық бірлік беріліп, бүгінде қызмет атқаруда.

Елдің рухани дамуы, ұлтымыздың қазақшылығының жойылмауы, дәстүрдің сақталуы мақсатында 2017 жылы ансамбль  құрылды. Жетекшісі және негізін қалаушысы – "Ерен еңбегі үшін" меделі иегері Бауыржан Ақтаев.

«SARMAD» ансамблі өзгеше үнімен, қазақтың әндері, күйлері және әуендерді заманауи, этно-джаз стиліндегі орындауымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, ансамбль құрамында жетіген, адырна, шаңқобыз, сыбызғы, саз-сырнай деген секілді қазақтың байырғы, қолданылмай кеткен, ұмытылып қалған аспаптары бар болғаны арқылы, бұл музыкалық ұжымның өзіндік стилі, сипаты, үні қалыптасқан. Ансамбльдің құрамында 17 адам бар: домбырашы, қылқобызшы, бас домбырашы, шертерші, жетігенші, адырнашы, прима қобызшы, ұрмалысоқпалы аспаптарының орындаушысы, шаңқобыз, сыбызғы, сазсырнай аспаптарында орындаушысы, дыбыс әрлеушісі, репетитор және менеджер. Ансамбль республикалық, халықаралық сахнағада өнер көрсетіп, жоғары деңгейде жетістікке жетіп, көпшілікке танылды. 

Біздің концерттер

Яндекс.Метрика