Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мәдениет саласына қосқан елеулі үлестері үшін Атырау облысының бірқатар өнер қайраткері мемлекеттік марапаттарға ие болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мәдениет саласына қосқан елеулі үлестері үшін Атырау облысының бірқатар өнер қайраткері мемлекеттік марапаттарға ие болды.
Атырау қаласында 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті.
Мерекелік жиынға қатысқан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов сала қызметкерлерінің еңбегін атап айтып, мерекелік құттықтау лебізін білдірді.
Атырауда Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі республиканың атақты композиторларының шығармаларынан рухани тарту ұсынды.
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі Мажарстан мемлекеті, Будапешт қаласының
“House of music” залында өнер көрсетті.
Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі Сарыарқа төсінде айшықты шығармаларын ұсынды. ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайтаткері Рахила Ерғалиева мен дирижер Болат Долдашовтың сүйемелдеуімен белгілі күйші-композиторлардың туындылары шебер орындалды.
Ел Тәуелсіздігінің 30 және Д.Нұрпейісованың 160 жылдығына орай, Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі концерт ұйымдастырды.
Atr.kz/4 маусым, 2019 жыл. Атырау өңірінде күй өнері өте ертеден дамыған. Асан қайғы, Қарасай қазыларды айтпағанда ХІХ ғасыр басындағы Боғда, одан бергі Ұзақ, оған жалғасқан Құрманғазы, Мүсірәлі, Дәулеткерейлердің өзі неге тұрады?! Олардың мұраларын Дина, Сейтек, Соқыр Есжан, Ерғали, Мәмендер, одан бергі Ишанғали, Ғибатолла, Әзидолла, Рысбайлар жалғастырды.
Биыл Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі шартқа қол қойылғанына 10 жыл толып отыр. Осыған орай әлем мәдениетінің астанасы саналатын Париж қаласында Франция-Қазақстан І инвестициялық форумы өткізілді.
Махамбет атындағы қазақ драма театрында мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Арман Жүдебаевтың шығармашылық кеші өтті. Бұл күні классиканы сүюші көрермен қарасы көп болды.