Ән мен күй үндескен мереке

Наурыз мерекесіне орай өткен мерекелік концерт көрермендерді ұлттық музыка әлеміне жетеледі. Сахна төрінде Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі мен «Сармад» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. 

Атырауда дирижерлар шеруі өтті

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі ұжымының ұйымдастыруымен «Дирижерлер шеруі» өтті.
​Шеруде республиканың түкпір-түкпірінен жиналған талантты дирижерлер сахнаның сәнін келтірді.

Ұлттық аспаптар үні әуелеген күн

Атырау облысында музыка және өнер мектептерінің қазақ халық аспаптары оркестрлері мен ансамбльдерінің V облыстық байқауы басталды. Ұлттық өнердің өркендеуіне серпін беретін бұл додада өңірдің үздік оқытушылары өз шеберліктерін сынға салмақ.

Атыраулық домбырашы республикалық байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды

Павлодар облысының Ертіс-Баян өңірінде Қазақ ССР-інің Халық әртісі, дәулескер күйші Рүстембек Омаровтың 105 жылдығына арналған І республикалық «Жастық шақ» домбырашылар конкурсы өз мәресіне жетті.

Атыраулық өнерпаз республикалық байқауда жеңіске жетті

Қызылорда облысы Жаңақорған қаласында өткен белгілі композитор Бексұлтан Байкенжеевтің 75 жылдығына арналған ІІ республикалық «Сырдария» әнші-сазгерлер мен әншілер байқауында атыраулық өнерпаз Берік Амантаев І орынға ие болды.

КИНО ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Махамбет атындағы академиялық драма театрында үздік кинофильмдердің сазды әуендері мен әндеріне арналған «Soundtrack hits»  концерттік бағдарламасы өтті. Қала күнімен тұспа-тұс келген мәдени шараға атыраулықтар көптеп келді. 

Біздің концерттер

Яндекс.Метрика