Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жанындағы “Сармад” этно-фолльклорлық ансамблі Орал қаласы және Жымпиты аудандарына гастрольдік сапарға шықты.
Екі күн оралдық тыңдармандарға “Алаш аманаты” концерттік бағдарламада ҚР “Құрмет” ордені иегері Қайрат Какимов, “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” Айзат Қарабек, оркестр әншілері Гүлбану Тюлеубергенова, Байбақты Ідірбай өнер көрсетті. Әуезді ән, күмбір күй төккен өнерпаздарымыздың өнеріне көрермен ерекше қошемет білдірді.