Мереке қарсаңында өңір басшысы С.Жамбылұлының қатысуымен салтанатты шара өткізілді. Шара барысында Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан
бірқатар ел азаматтары мен азаматшаларына жоғары дәрежелі марапаттар табысталды. Салтанатты шарада Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі Дина Оркестр және әншілері, сонымен қатар, “Алатау серілері” ән-күйімен, “Інжу-маржан” би ансамблі, Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры, Атырау жастар театры актерлері өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі күй, әдемі кеш сыйлады.