«Ана жүрегі» атты шығармашылық кеші өтті

Ана жүрегі
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері,
сазгер Мұқаш Қосай Құбашұлының
«Ана жүрегі» атты шығармашылық кеші өтті.
Кеште автордың шығармалар жинағынан “Ана жүрегі” атты кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға ұсынылды. Оркестрдің сүйемелдеуімен Қосай Құбашұлының шығармалары орындалды. Кешке Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі мен Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармониясының әртістері және “Дарын” ер балалар хоры қатынасты.
Кеш соңында авторға Атырау қаласының әкімі Ш.Кейкінұлының атынан “Алғыс хат” ұсынылды.
 

Біздің концерттер

Яндекс.Метрика