Атырауда Ұлттық домбыра күні күй мен жырдың шеруімен жалғасты

Атырауда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш жалғасуда. Күй мен жырды төрге оздырған бұл рухани кеш ұлттық өнеріміздің мәйегін дәріптеп, күйдің қуатын, әннің шуағын сездірді.

 

Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен концертте Түркештің «Көңілашары» мен Құрманғазының әйгілі «Адайы», Ахмет Жұбановтың «Би» күйі халыққа ерекше әсер сыйлады. Оркестрлерге дирижерлік еткен Болат Долдашов, Рахила Ерғалиева, Ержан Қитаров сынды шеберлердің жетекшілігімен ұлттық музыка асқақ үнмен шарықтады. «Інжу-Маржан» би ансамблінің орындауындағы Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі көрермен жүрегін тербетті. Ал «Темірбектің төкпесі» күйімен аяқталған домбырашылар шеруі – жас таланттардың өнері жиналған жұртты тәнті етті. Халық әні мен дәстүрлі әндердің шеруі, күй тартыс сынды өнер додалары кештің көркін аша түсті. Әншілер мен күй шеберлері – барлығы сахнада ұлттық өнерді ұлықтап, көрерменге ұмытылмас әсер қалдырды. «Серпер», «Махамбет», «Сарыарқа» күйлерімен жалғасқан бұл кеш – ұлттың рухын көтерді.

Біздің концерттер

Яндекс.Метрика