Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жанындағы Sarmad этно-фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, композитор Бауыржан Ақтаев Астана қаласында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл марапат — қазақ ұлттық музыкасын жаңғыртып, жаңа деңгейге көтеру жолындағы үздіксіз еңбектің нәтижесі.
Sarmad ансамблінің әрбір туындысында халқымыздың үні, тарихы, рухы бар.Осы жолда тынымсыз ізденіп, шын ықыласпен еңбек етіп келе жатқан жетекшімізді шын жүректен құттықтаймыз!Қазақ мәдениетінің өркендеуіне қосқан үлесіңіз бағаланар биіктеріңіз көп болсын!