Берік Амантаевтың “Дауылпаз” концерті

Қазақ халқының асыл мұрасы — дәстүрлі ән өнерін дәріптеп, халық жүрегіне жол тауып жүрген республикалық конкурстардың лауреаты, “Мен Қазақпын” мега жобасының қатысушысы, Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі, дәстүрлі әнші Амантаев Берік Амантайұлының “Дауылпаз” атты жеке концерті өтті.

 

Концертте Мұхиттың “Бейнем-ау”, Халық әні”Япурай”, Қ.Байғабылұлының “Қапездің қоштасуы”, М.Ілиясовтың “Ауылда қалған ата-анам”,Бораштың “Дауылпаз” т.б. әндер шырқалды.

Бұл кеште Беріктің ұстазы “Құрмет ордені” иегері Қайрат Кәкімов пен “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері Жәнібек Жамиевтер өнер көрсетті. Халықтың қошеметі өнерпаздарға ерекше болды,залда ине шаншар орын болмады.

Қала әкімінің орынбасары Мұқасов Мейіржан Жолдасұлы арнайы құттықтап гүл шоқтарын ұсынды. Және Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Изимова Гулшара Нәдірқызы арнайы аудан әкімінің алғыс хаты мен сыйын тарту етті.Қызылқоға ауданы Миялы ауылында Өнер мектебінің басшысы болған Нығыметова Бақыт Ғаниқызы Берікті өнер жолына жолдаған ұстазы арнайы ыстық ықыласын білдіріп,гүл шоқтары мен сыйын табыс етті.Сонымен қатар оркестрдың дәстүрлі әншілері Берікке шапан жапты. Бала кезден бірге өскен құрдас достарының атынан тұлпар сыйға тартты.

Оркестр басшы Хамил Сүйекбаев өнерпазға “Талант медалі” мен оркестр ұжымының атынан ақжарма тілектері жазылған Алғыс хат табыстады. Концерттің өтуіне қолдау жасаған Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармония ұжымына алғыс білдіреміз.

Біздің концерттер

Яндекс.Метрика