Маңғыстау облысына қарасты Боранқұл ауылының мәдениет үйінде оркестр әртісі, дәстүрлі-әнші Бақытбек Сарсеновтың «Жыр - қазына» кеші өтті.
Жыршының туған өлкесінде ұйымдастырылған кешке жыр сүйер қауым қаумалап келді. Халық арасында кеңінен танымал жыршылардың жырларын «Сармад» этно-фольклорлық және «Gazhap» вокальды-аспаптық ансамбльдерінің сүйемелдеуімен көрерменге ерекше жеткізді.
Концертте жырмен қоса күй шертіліп, әуезді әндер орындалды.
















