Бүгін Дина Оркестр ұжымы басшысы Хамил Қосшығалиұлы жыл бойына атқарылған жұмыстарға шолу жасап, ұжымды жаңа жылмен құттықтады.2024 жыл ұжым үшін толайым табысты, жетістікке толы жыл болды. Жоспарлаған концерттік шаралар, гастрольдік сапарлар сәтті аяқталды. “Сармад” ансамблінің әртістері Нидерланды мемлекетіне және Америка құрама штатына барып ұлттық мәдениетті насихаттап, өнер көрсетті. Республика көлемінде ұйымдастырылған конкурстарға қатысқан жеке орындаушыларымыз жүлдемен оралды. Техникалық база нығайтылды. Әртістер толық қажетті аспаптармен қамтылды. Бұл үлкен жетістік - деді Хамил Қосшығалиұлы.
Кәсіподақ төрайымы Анар Ғаділбекқызы мерейлі 50 жасқа толған оркестр азаматтары Нұржан Сағынұлы Жолмагамбет пен Сидагалиев Ерболатты ұжым атынан құттықтап, арнайы сыйлық табыстады.
Сонымен қатар, Хамил Қосшығалиұлы бірқатар, әріптестерді, атап айтсақ, Көшербей Жолдахметұлы, Ренат Маратұлы, Қазбек Бисенұлы, Анар Ғаділбекқызы, Алмас Сиражұлы, Анаргүл Уразбайқызы, Малика Хафизқызы, Нұрайсұлу Ақылбайқызы, Абзал Сиғуаттолаұлы, Берік Мырзабекұлын арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
Жаңа жыл жақсылығымен келсін!
Марапаттарыңыз құтты болсын әріптестер!