ДИНА ОРКЕСТРІ - ЖАПОНИЯДА

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі және «Sarmad» этно-фольклорлық ансамблі Жапония еліне гастрольдік сапарға шыққан болатын.

Аталған ұжым «Атамекен» қазақ мәдениетін қолдау халықаралық қорының шақыртуымен Жапония мемлекеті, Осака қаласында EXPO 2025 Дүниежүзілік көрмесінде қазақтың ұлттық өнерін насихаттады.

Осакадағы EXPO-2025 көрмесіндегі Қазақстанның ұлттық күні 10 тамызға бекітілуі тегін емес. Биыл – халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Ғұлама ойшылдың мерейтойында жапон көрермендерінің алдында Қазақстаннан келген жүзге жуық әртіс өнер көрсетті. Олар шамамен бір шақырымдық шеруге қатысып, жапондарды Абай шығармашылығымен таныстырды.

EXPO-дағы еліміздің ұлттық күнімен Жапонияның Экономика, сауда және индустрия вице-министрі Акиёси Като және Қазақстанның Сауда және интеграция министрі құттықтады. Қазақтың күйі мен әнін, мың бұрылған биін тамашалаған жапондықтар төл өнерімізді ерекше қабылдады.

Біздің концерттер

Яндекс.Метрика