Өңіріміздегі өнердің қара шаңырағы атанған театр сахнасында 2 күн бойы қойылған “Қасым хан” тарихи-драмасын көрермен ыстық ықыласпен қабылдады. Қасым хан - қазақтың ұлы билеушілерінің бірі. Ол билік еткен дәуірде қазақтың саны 1 миллионнан асты. Хандықтың әскери қуаты күшейіп, “Қасымның қасқа жолы” деген қағидамен халықтың әдеп-ғұрып заңдары жасақталды. 16-ғасырдың 20-жылдары атақты Сарайшық қаласында дүниеден өтті.
Осынау ерлік пен өнегеге толы қойылым арқылы тарих қойнауына сапарлаған көрермен бұл драмаға ерекше көзқарас танытып, қойылымға жоғары баға берді. Драманың композиторы - Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жанындағы “Сармад” этно-фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Бауыржан Ақтай әріптесіміз.