“Қасым хан” және “Кенесары хан” музыкалық поэмаларының тұсаукесері өтті
Н. Жантөрин атындағы облыстық филармония сахнасында Д. Нұрпейісова атындағы Академиялық оркестр жанынан құрылған “Сармад” этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі Бауыржан Ақтайдың “Қасым хан” және “Кенесары хан” музыкалық поэмасының тұсаукесері өтті. Бұл рухани кеште осы екі туындыға байланысты ғылыми және музыкалық талдаулар жүргізіліп, баяндамалар жасалды. Әсіресе, құрметті қонақтар Тарих ғылымдарының докторы Л. Бердіғожин, тарихшы жас ғалым Е. Абзалұлы, Алаштанушы ғалым Е. Тоқтарбай жасаған баяндамаларға, В. Шукенованың жетекшілігімен Атырау музыка колледжінің 4-курс студенті А. Шауман жасаған музыкалық талдауға көрермен аса риза болды. Қазақтың атын АҚШ-қа дейін танытып жүрген “Сармад” ансамблі екінші тынысын ашқандай ерекше шабытпен өнер көрсетті. Әріптесіміз, Қызылқоға ауданының құрметті азаматы, Мәдениет саласының үздігі Б. Ақтай мырзаға толағай табыс, шығармашылық жетістік тілейміз.