КҮЙ ДОДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

КҮЙ ДОДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ⚜️
Киелі Атырау төрінде бірнеше күнге созылған, күй өнерінің шынайы мерекесіне айналған, күйшілердің өнер додасы – Қазақстанның Халық әртісі, профессор, «Парасат» орденінің иегері, ұлы күйші Рыспай Хисметұлы Ғабдиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Күй қағаны» ІІІ республикалық ерлер арасындағы домбырашылар конкурсы жоғары деңгейде өтті.

 

Конкурсқа қатысқан 30 үміткерлер арасынан 11 өнерпаз 3 кезеңді сәтті аяқтады.
Күй додасының қорытындысы бойынша
«Дипломант» атағымен
Тұрлыхан Абуханов;
“Рыспай Ғабдиев атындағы арнайы жүлдесімен»
Нұрдәулет Мұхамбеджанов;
«ІІІ орын және лауреат» атағымен
Әнуар Зинеденов, Жәнібек Жұмабаев, Сұлтан Әлімқұл;
Жүлделі «ІІ орын және лауреат» атағымен
Серік Алибеков, Сырым Шонбаев;
Жүлделі «І орын және лауреат» атағымен Бекнұр Әбдіжәли,
Нұрали Саят марапатталды.
Шарада Атырау облысы әкімінің орынбасары Шамұратов Дарын Дүйсембайұлы және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, қазылар алқасының төрағасы Жүдебаев Арман Әділханұлы шараның маңыздылығына тоқталып, «Күй қағаны» атты III Республикалық ерлер арасындағы домбырашылар конкурсының
Бас жүлдесін Нұрлыбек Нажекенов және Дарын Құдайбергеновке табыстады.
Шара әрмен қарай оркестрдің концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, бас жүлде иегерлері Рыспай Хисметұлының домбырасымен күй орындады.

 

Біздің концерттер

Яндекс.Метрика