Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің маусымашар концерті өтті.Кеш қазақтың киесі, ұлттық >қазынасы - домбыраның үнімен бастау алды.Күй - қазақ халқының рухани болмысының, мәдениетінің, дүниетанымының тұғыры биік асыл мұрасы. Оркестр кеште таңдаулы шығармаларды орындап, тыңдаушының құлақ құрышын қандырды.
Концертте әртістер, өздерінің жеке қаржысына алынған домбыраны сүйікті көрерменіне де тарту етті.Ол үшін залдағы көрерменнің бірі, композитор Ә.Желдібаевтың “Ерке сылқым” күйін ұжыммен бірге орындауы керек болды.
“Дина” оркестрі - ұлттық туындылардан бастап, батыс классикасындағы шығармаларды еркін меңгерген өнер отауы. Кеште бес құрлықты қазақтың төл аспаптарымен таң қалдырған өнерпаздар, әлем халықтарының да белгілі туындыларын орындады.