Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі өзінің 35-концерттік маусымының ашылуына арналған «Күмбір» атты күй кешін өткізді.
Сахна шымылдығын Түркештің «Көңілашар» күйімен айқара ашқан оркестр көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кеш барысында ұлттық рух пен сырлы сазға толы бірнеше танымал күйлер орындалды. Атап айтқанда: «Ақсақ құлан», «Сарыжайлау», «Қайран шешем», «Әсем қоңыр», «Жаңылтпаш», «Салтанат», «Жұмыр, Қылыш», «Табыну», «Сарыарқа» және т.б. туындылар көрермен көңілінен шықты.
Кеште оркестрмен қатар жеке орындаушылар да өнер көрсетті.
Концертті оркестрдің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Болат Долдашов пен Мәдениет қайраткері Рахила Ерғалиева дирижер ретінде басқарды.
Орындалған әр күй тыңдарман жүрегінің нәзік қылын шертті.
Кеш соңында қонақтар ерекше әсермен тарқасты.






