30 ТАМЫЗ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНЕ арналған салтанатты шара өтті.Жаңа Қазақстанның саяси-экономикалық әлеуеті, ғылыми-техникалық прогресі, руханият әлемі сынды барлық салаларының тамырына қан жүгірткен Ата Заңның салтанат құрғанына биыл 29 жыл!
Осыған орай облыс әкімі Серік Шапкенов елдің құрылыс саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін наградталған атыраулық кәсіби мамандарға “Құрмет”, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалін тақты.
Осы күнi өлкенiң дамуына сүбелi үлесiн қосып, қоғамдық өмiрмен бiте қайнасып жүргендер де Үздік мемлекеттік қызметші» , «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.Салтанатты шараның соңы концерттiк бағдарламаға ұласты