Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің «Әлем әуендері» атты ғажайып музыкалық концерті өтті.
Кеште оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының иегері Болат Долдашовтың дирижерлеуімен Ара Геворкян – «Арцах», Григораш Динику – «Жаворонок», Георгий Свиридов – «Время вперёд», Андрей Гуревич, Алексей Исаев – «Старое банджо», Арам Хачатурян – «Танец с саблями», Джоаккино Россини – «Вилгельм Тель» увертюрасы, Рольф Лёвланд – «Песня из тайного сада», Кристофер Тиннің «Баба иету», Иосиф Тамарин – «Кубинский танец» , Астор Пьяццолла – «Либертанго» сынды жаңа туындылар көрерменге ұсынылды.
Концертке «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жәнібек Жәмиев, Мәденеит саласының үздігі Наград Утегазиев, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаттары Абдулла Мұқанғалиев, Мырзабек Каримуллаев, Гүлбану Төлеубергенова, Ақбөкен Темір, Айгерім Караменова, Аягөз Ізбасарова, Құралай Жайсаң , Ерік Шамшедин, Бекжан Сағынтай, Динара Тілекқабыл, Мади Мәдениетов, Баубек Өмірғали және Дина Нұрпейісова атындағы Халықтық музыка академиясы, Атырау музыка колледжінің студенттік хоры, жетекшісі: Айбол Баймұқатовтар өнер көрсетті.
Ұлттық аспаптар арқылы оркестр әлемдік деңгейдегі классикалық туындыларды шебер орындауымен тыңдарманның қошеметіне бөленді.
















