Ұлылардың мұрасы мәңгі жасай берсін!

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің кезекті рухани концертінің бірі «Сағыныш» деп аталды.

 

Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаларды ұлықтауға арналған тағылымды кеште сағындырған есті де ескі әндер шырқалды.
Айталық, былтырғы жылы атақты ақын, мәңгі махаббат жаршысы Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығы, биыл қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдығы елімізде аталып өтті. Сонымен қатар, жыр мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығы және көрнекті композитор Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдық мерейтойлары республика көлемінде кеңінен тойлануда.
Осы ұлылардың рухына тағзым етіп, олардың мәңгілік мұрасын насихаттау үшін ұйымдастырылған ерекше кеш болды.
Шарада жеке әншілер де өнер көрсетсе, Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен де шығармалар орындалды. Жиналған көрермен әндерді өнерпаздармен қосыла шырқап, тамаша әсерде қайтты.
Ұлылардың мұрасы мәңгі жасай берсін!

Біздің концерттер

Яндекс.Метрика