Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры сахнасында “Сармад” этно-фольклорлық ансамблінің “Көне мен Жаңа” атауымен концерті өтті.
Ансамбль жетекшісі Бауыржан Ақтайдың шығармасымен ашылған бұл шараның деңгейі өте жоғары болды. Себебі, орындалған шығармалардың 95 пайызы жаңаша өңделген туындылар еді. Сонымен қатар, көрермен мен сахнадағы әртістер арасындағы байланыс көркем шеберлікпен үндесіп, залдағы қонақтардың өзі ансамбльмен бірге ән салып, кештің көркін қыздырды.
Өнер сүйер қауым “Сармад” ансамблі арқылы өткен ғасыр тарихына сапарлап, қазіргі жаңа заман толқынымен өмірге құлаш ұрғандай әсерге бөленді. Кешке қатысушылар сонау 12-ғасыр мен 21-ғасыр аралағындағы Дешті Қыпшақ даласындағы сом тарихты көздерімен көргендей қуат алды.
p