Махамбет Өтемісұлы атындағы Академиялық қазақ драма театры сахнасында Дина Оркестр жаңа бағдарламамен жаңа жылдық концертін ұсынып жылды қорытындылады.
Екі күн өңір жұртшылығы театрға келіп, оркестрдің тамаша концертінің куәгері болды. Өнерпаздар қазақ және шетел классиктерінің үздік шығармаларын жоғары деңгейде, шебер орындап көрермен көңілінен шықты.Бұған дейінде әлемдік үздік кинофильмдер әуенін нақыша келтіріп, тыңдарман жүрегіне жеткізе білген оркестр құрамы бұл жолыда көрермендерді жаңа бағдарламамен таңқалдырды. Сахнаның ерекше безендірілуі, жарқ-жұрқ еткен жарықтармен үндескен әуендер ғажайып көңіл -күй сыйлады.Жақында ғана көгілдір экраннан кинофильмі жарық көріп, көрерменге жол тартқан “Нурикамал” әнін ұжымға басшылық қызметте болған Сағынтай Сатыбалдыұлы, Бақытбек Мырзағалиұлы және қазіргі басшы Хамил Қосшығалиұлы орындап, тосын сый жасады.Жастық шаққа сапар жасаған әдемі кештен көрерменнің алған әсері ыстық қошеметінен-ақ аңғарылды