“Аманат” партиясының қолдауымен бір жарым жылға созылған республикалық командалық айтыстың ақтық мәресі Түркі мәдениетінің астанасы – қасиетті Маңғыстауда өтті. Финалда Түркістан облысы мен Қарағанды облысының жоғары деңгейдегі тартысы дүйім жұртқа нағыз айтыстың көркем үлгісін көрсетті.
Атырау облысы атынан осы додаға біздің оркестрдің қызметкері, айтыскер ақын Жәнібек Жәмиев Жантұрсынұлы қатысып, сахна төрінде өнер көрсетті. Ұйымдастырушы ұжымның арнайы шақыртуымен ол ақтық сынға қатысып қана қоймай, марапаттау рәсімінде “Үздік” атағына ие болды. Бұл – ұжымымыз үшін үлкен қуаныш әрі мақтаныш.













