“САРМАД” АНСАМБЛІ ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНДА
Бүгін Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жанындағы “Сармад” этно-фольклорлық ансамблі Құрманғазы ауданы тұрғындарына “Алаш аманаты” концертін ұсынды.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Бауыржан Ақтаевтың жетекшілігімен жеке орындаушылар Байбақты Ідірбай, Жанар Қорғанова халық әндерін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Өнерді ерекше қадірлейтін Құрманғазы ауданы жұртшылығы “Сармад” ансамблінің кезекті концертіне ризашылық білдіріп, алғыстарын жаудырды.