Сүйекбаев Хамил Қосшығалиұлы
Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің басшысы

“Сармад” этно-фольклорлық ансамблінің концерті жалғасы

Германияда “Сармад” этно-фольклорлық ансамблінің концерті жалғасын тапты.

Steglitz-Zehlendorf ауданы,мэрия ғимаратында бірнеше ұлт өкілі бас қосып, Наурыз мейрамын тойлады. Іс-шара барысында келушілерге көрнекіліктер таныстырылып, ұлттық тағамдар ұсынылды.

Ал, екінші бөлімде қатысушылар өнерлерін паш етті. “Сармад” этно-фольклорлық ансамблінің орындауындағы шығармалар, Байбақты Ідірбайдың әндері көпшіліктің көңілінен шығып, қошеметке бөленді. Сиқырлы саздың сырлы әуезіне құлақ түрген шетелдік көрермен шексіз ризашылығын білдірді. Іс-шара соңында ҚР Германия Федерактивтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Онжанов ризашылығын білдіріп, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

Біздің концерттер

Яндекс.Метрика