Махамбет Өтемісұлы атындағы Академиялық қазақ драма театры сахнасында оркестріміздің кезекті SOUNDTRACK -шоу концерті жоғары деңгейде өтті. Көрермен арасында шетелдік азаматтар да болып, оркестр өнерпаздарының өнеріне ерекше қошемет білдіріп отырды. Біздің мақсат - ұлттық құндылықтар мен әлемдік классикалық туындыларды төл аспаптарымыз арқылы жұртшылыққа насихаттау. Бүгінгі концерт сол меженің жарқын көрінісіне айналды. Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі әлі талай өз жанкүйерлерін, сондай шаһар тұрғындары мен қонақтарына рухани қуаныш сыйлайды, бізбен бірге болыңыздар! Концертімізге келген барша өнерсүйер қауымға ризашылығымызды білдіреміз.