Маңғыстауда «Актау 2025 - Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында Түркі елдерінің фольклорлық ансамбльдері және аспапта орындаушыларының фестивалі өз мәресіне жетті.
Гала концертте Қырғызстан,Өзбекстан,Иран,Қазақстан,Якутияның этно-фольклорлы ансамблдері бірлесе өнер көрсетіп,концерттің соңын Құрманғазының “Адай” күйімен жапты. Жерлестеріміз “SARMAD” этно-фольклорлық ансамблі “Turksoy” халықаралық ұйымының басшысы Сұлтан Раевтың және Ақтау қаласының әкімі Ә.Байпақовтың алғыс хатымен марапатталды.