Тәуелсіздік күні қарсаңында “Сармад” этно-фольклорлық ансамблінің «Folk Energy» концерті өтті

Бұл кеште «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Бауыржан Ақтайдың дирижерлеуімен ұлттық аспаптармен тартысты күйлер, халық көкейіндегі әсем ән де, мән-мағынаға толы термелер, жаңа шығармалар орындалды.
Жиналған көпшілік кеш қонағы,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» ордені иегері Жұбаныш Жексенұлымен қазақтың есті де, ескі әндерін қосыла шырқады.
Рухани концерттен ерекше әсер алған көрермен шексіз ризашылығын білдіріп, ғажайып көңіл-күйде тарқасты.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Еліміз жасай берсін!
 
 

Біздің концерттер

Яндекс.Метрика