Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің күзгі әуендер топтамасынан “Вальс кеші” атты сырлы-сазды әсем кеші өтті.
Вальс — жүректің тілі, нәзіктіктің, шаттықтың, сағыныштың әуені.
Оркестрдің орындауында қазақ кеңес композиторларының шығармаларымен қатар, әлем классиктерінің туындылары көрерменге ұсынылды.
Сазды кештің ерекше есте қалатын тағы бір тұсы, жұп-жұбымен келген көрермендер вальс билеу құрметіне ие болып,залды нәзіктік пен әсемдікке орады.
Бүгінгі кеште дирижерлік еткен Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері, Мәдениет Қайраткері Рахила Ерғалиева болды.
Сезім мен шабыт бір арнаға тоғысып, әрбір нота жүректің соғысындай әсер сыйлаған ерекше кеш осылайша өз мәресіне жетті.
















