ЖЫР КЕШІ

Қазақ халқының ұлы мұрасы – жыр. Жырда тарих та бар, тағдыр да бар, намыс та бар.

Бүгін сол жырдың жалғасы, бекзат өнердің аманатын арқалап жүрген белгілі жыршы-термеші, Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі – Бақытбек Сарсеновтің «Жыр - қазына» атты шығармашылық концерті өткізілді.

Кеште сонау қазақтың Шерниязынан бастап, Қашаған, Насихат, Сүгір, Махамбет, Наурызбек, Нұрым жыраулардың жырлары шырқалды.

«Сармад» этно-фольклорлық және «Gazhap band» вокалды - инструменталды ансамбльдерінің сүйемелдеуімен Бақытбек Сарсенов пен Берік Амантаевтың әуезді әндері тыңдарман көңілінен шықты.

Кеш қонақтары М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты Әзімхан Адай және жылыойлық Дәмелі Сарова, Жанар Қорғанова және кеш иесінің шәкірттері өнерлерімен көпшілікті серпілтті. ҚР Мәдениет саласының үздігі Рахат Сарсеновтің орындауындағы Құрманғазының күйін көрермен ерекше қабылдады.

Кеш иесіне облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Мақсотұлы арнайы кеңес шешімімен «Дауылпаз» орденін табыстап, ізгі тілегін білдірді.

Сонымен қатар, Жылыой ауданы әкімі Ж.Қаражановтың, Құлсары балалар өнер мектебі басшысының және оркестр ұжымы атынан құттықтау хаттар табысталды.

Біздің концерттер

Яндекс.Метрика