Қазақ халқының ұлы мұрасы – жыр. Жырда тарих та бар, тағдыр да бар, намыс та бар.
Бүгін сол жырдың жалғасы, бекзат өнердің аманатын арқалап жүрген белгілі жыршы-термеші, Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі – Бақытбек Сарсенов Жылыой ауданы Құлсары қаласында «Жыр - қазына» атты шығармашылық концертін өткізді
















