“Жауһар жыр”атты батыс аймақтық жыр фестиваліне қатысқан әріптесіміз Бақытбек Сарсенов Алғыс хатпен марапалды

Ақын Есенғали Бөкенбаев пен жырау Сәду Төлеұлының туғанына 105-жыл толуына арналған “Жауһар жыр”атты батыс аймақтық жыр фестиваліне қатысқан әріптесіміз Бақытбек Сарсенов Алғыс хатпен марапалды.

 

Мерекелік марапаттар легі жалғасын тапты

Құттықтаймыз
Мерекелік марапаттар легі жалғасын тапты. 
«Мәдениет саласының ардагері» медалімен
оркестр ардагерлері
Максим Мұхамбеталиев және
Назым Камелова марапатталды.
Сонымен қатар, «Аманат» партиясы облыстық филиалы төрағасының Алғыс хатымен оркестр әртісі Айдана Жұпанова,
Атырау қаласы әкімінің Алғыс хатымен Бейімбет Каримов марапатталды.

Мерекелік марапат

Мерекелік марапат
Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің диридері
Ерғалиева Рахила Орынқызы «Құрмет» орденінің кавалері атанды
Құттықтаймыз!

Атырауда мәдениет саласының үздіктері марапатталды

Атырауда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұлттық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқандарға құрмет көрсетілді.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов өнер майталмандарына мемлекеттік наградалар табыстады. Дина Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрдің дирижері Рахилә Ерғалиева «Құрмет» орденімен марапатталды. Ол оркестр құрамында 1990 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын оркестр әртісі боп бастап, бүгінде музыка өнерінің қыр-сырын жетік меңгерген дарынды орындаушы ретінде мойындалды.

КҮЙ ДОДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

КҮЙ ДОДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ⚜️
Киелі Атырау төрінде бірнеше күнге созылған, күй өнерінің шынайы мерекесіне айналған, күйшілердің өнер додасы – Қазақстанның Халық әртісі, профессор, «Парасат» орденінің иегері, ұлы күйші Рыспай Хисметұлы Ғабдиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Күй қағаны» ІІІ республикалық ерлер арасындағы домбырашылар конкурсы жоғары деңгейде өтті.

Біздің концерттер

Яндекс.Метрика