ЖЫР КЕШІ

Қазақ халқының ұлы мұрасы – жыр. Жырда тарих та бар, тағдыр да бар, намыс та бар.

Бүгін сол жырдың жалғасы, бекзат өнердің аманатын арқалап жүрген белгілі жыршы-термеші, Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі – Бақытбек Сарсеновтің «Жыр - қазына» атты шығармашылық концерті өткізілді.

Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына орай Атырауда ақын ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті

Қазақ руханиятының асқар биігіне айналған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдық мерейтойына орай, Атырауда ақын ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақстан Кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының құрылғанына 35 жыл толуына орай Хиуаз Доспанова медалімен кәсіподақ төрайымы Анаргүл Қазиева, “Құрмет” грамотасымен экономист Ринат Каденбаев, Алғыс хатпен әртістеріміз Саясат Аманжанов, Зухра Сейтназарова, Эльмира Иманбаева, Толқын Азиркулова марапатталды.

Оркестр ұжымы ардагер қызметкерлерін құрметпен зейнетке шығарып салды

Оркестр ұжымында бірнеше жыл еңбек еткен мұрағатшы Жанат Нугмашқызы және тазалықшы Гүлжан Абекенқызы зейнеткерлік демалысқа шықты.

Ұжым басшысы Хамил Сүйекбаев құттықтау тілегін арнап, Алғыс хат табыстады. Кәсіподақ төрайымы Анар Қазиева гүлшоқтарын сыйлады.

«Күмбір» күй кеші: Дина оркестрінің 35-маусым шымылдығы ашылды

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі өзінің 35-концерттік маусымының ашылуына арналған «Күмбір» атты күй кешін өткізді.

Сахна шымылдығын Түркештің «Көңілашар» күйімен айқара ашқан оркестр көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Жалпы жиналыс өткізілді

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі ұжымы еңбек демалысынан шығып, тамаз айында өз жұмысын бастаған болатын. Ай ішінде ұжым гастрольдік сапарлармен қатар мерекелік мәдени шараларға қатынасты.

Біздің концерттер

Яндекс.Метрика