«Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты кәсіби суретшілердің республикалық шығармашылық конкурсының ЕРЕЖЕСІ
«Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты кәсіби суретшілердің республикалық шығармашылық конкурсының ЕРЕЖЕСІ
Өңіріміздегі өнердің қара шаңырағы атанған театр сахнасында 2 күн бойы қойылған “Қасым хан” тарихи-драмасын көрермен ыстық ықыласпен қабылдады. Қасым хан - қазақтың ұлы билеушілерінің бірі. Ол билік еткен дәуірде қазақтың саны 1 миллионнан асты. Хандықтың әскери қуаты күшейіп, “Қасымның қасқа жолы” деген қағидамен халықтың әдеп-ғұрып заңдары жасақталды. 16-ғасырдың 20-жылдары атақты Сарайшық қаласында дүниеден өтті.
Көркемдік жетекшісі және бас дирижері “Дарын” Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Болат Долдашов және дирижер, “Мәдениет қайраткері” Рахила Ерғалиева бастаған өнер керуені сарыағаштықтардың назарына “Жайықтан сазды сәлем” атты кезекті концертін ұсынды.
Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі ұжымы Оңтүстік жұртшылығына арналған концерттік бағдарламасын жоғары деңгейде өткізді.
ҚазКСР-інің Еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, қобызшы Каленбаева Меруерт Қабыкенқызы өмірден озды.
Ертіс-Баян өңірінде өткен Қазақ ССР-інің Халық әртісі, Дәулескер күйші, Рүстембек Бейсенұлы Омаровтың 105 - жылдығына арналған І республикалық «Жастық шақ» домбырашылар конкурсы мәресіне жетті.
Еліміздің даңқын лирикалық баритон даусымен әлемге паш еткен әйгілі опера әншісі, ұлағатты ұстаз, Қазақстанның халық әртісі Ғафиз Қыдырұлы Есімов 77 жасында дүние салды.
Қызылорда облысы Жаңақорған қаласында өткен Бексұлтан Байкенжеевтің туғанына 75 жылына арналған ІІ республикалық “Сырдария” әнші-сазгерлер мен әншілер байқауына сырнай аспабымен ән орындауда әріптесіміз Берік Амантаев жүлделі І орынды жеңіп алды.
Конкурсқа әр өңірден 14 үміткер қатысты. Үш күнге созылған өнер бәйгесінде ?Бас жүлде астаналық Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дирижерлау» мамандығы бойынша I-курс магистранты Даулет Габитовке бұйырды.