Тәуелсіздік күні қарсаңында “Сармад” этно-фольклорлық ансамблінің «Folk Energy» концерті өтті

Бұл кеште «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Бауыржан Ақтайдың дирижерлеуімен ұлттық аспаптармен тартысты күйлер, халық көкейіндегі әсем ән де, мән-мағынаға толы термелер, жаңа шығармалар орындалды.
І - ОРЫН

Қаршыға Ахмедияров атындағы «Күй - Ұран» Халықаралық домбырашылар және шертіп орындалатын ұлттық және түркітектес халықтардың екі-үш ішекті аспаптарында орындаушылар конкурсына қатысқан оркестр әртісі Нұрлыбек Нәжікенов жүлделі І орын иеленіп, лауреат атанды!

ӘЛЕМ ӘУЕНДЕРІ

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің «Әлем әуендері» атты ғажайып музыкалық концерті өтті.

Ашхабадта Республика күніне арналған мәдени шара жоғары деңгейде өтті

Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында Республика күніне және қазақтың ұлы ойшылы, дана ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени кеш ұйымдастырылды.

Іс-шара шымылдығы қазақтың рухын көтеріп, көңілді серпілтетін «Көңілашар» күйімен түріліп, көрермен қауымды ұлттық өнердің әуезді әлеміне жетеледі.

Біздің концерттер

Яндекс.Метрика